АҚШ-тың Айова штатындағы Сибли қаласының маңында тез тұтанғыш заттар тиелген теміржол жүк құрамы рельстен шығып кетті. Жергілікті билік оқиғаға көпірдің опырылып түсуі себеп болуы мүмкін екенін айтуда, деп хабарлайды KTIV телеарнасы.
Union Pacific Railroad теміржол компаниясының өкілдері оқиғаның жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де болғанын айтты.
Жолдан 47 вагон шығып кеткен. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, ол - пойыз бригадасының мүшесі емес.
Апаттан кейін бірден өрт шығып, қауіпті жағдай орын алған, себебі пойыз тыңайтқыштар мен аммоний нитратын тасымалдап келе жатқан еді. Өрт сөндірушілер шамамен 8 шақырым радиуста тұратын жергілікті тұрғындарды эвакуациялауда.
Union Pacific Railroad өкілдері оқиға орнын тазалау жұмыстарына шамамен қанша уақыт жұмсалатыны белгісіз екенін атап өтті. Пойыздың жолдан шығып кетуіне қатысты тергеу жүруде.