15 қаз, 2020 сағат 10:08

АҚШ-та қарсыласын нокаутпен жеңген Жәнібек Әлімханұлын дисквалификациялады

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та нокаутпен жеңген жеңісінен кейін дисквалификацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 10 қазан күні таңертең орта салмақта қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кәсіби рингте кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын. Ол Лас-Вегаста Top Rank компаниясының бокс кешінде, екінші раундта Аргентина өкілі Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген еді.

Осы айқастан кейін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы екі боксшыға да шаршы алаңға шығуға шектеу қойды. Жәнібек биылғы жылдың 24 қазанына дейін жұдырықтаса алмайды, ал оның қарсыласы ұзақ мерзімге, 9 желтоқсанға дейін шеттетілді. Бұл «дисквалификация» медициналық сипатқа ие, яғни айқастан кейін боксшылардың дұрыс қалпына келулері үшін қажет.