
Grand Princess круиздік лайнерінің бортында төрт Ресей азаматы бар. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Бортта төрт РФ азаматының бар екенін растаймыз, олардың барлығы – экипаж мүшелері. Жолаушылар арасында ресейліктер жоқ», - деді Princess Cruises компаниясының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, «Grand Princess» круиздік лайнері Калифорния жағалауында теңізде карантинге жабылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 21 ақпанда Сан-Францискода кемеден түскен екі жолаушыдан коронавирус табылған болатын.
Сәрсенбі күні олардың бірі, 71 жастағы ер адам Сакраментода клиникада көз жұмды. Оның коронавирус жұқтырғанға дейін денсаулығы нашар болған.
