Висконсин штатының Ұлттық ұланы Әскери әуе күштерінің бөліміне тиесілі F-16 Fighting Falcon истребителі сейсенбі күні кешке жаттығу кезінде Мичиган жоғары түбегі маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бортта бір ұшқыш болған, оның жағдайы әзірге белгісіз.
«Оқиға болған сәтте ұшақ бортында бір ұшқыш болған және ол жоспарлы жаттығуды орындап жатқан болатын», - делінген Штаттың ұлттық гвардиясының Facebook-тегі ресми парақшасындағы мәлімдемеде.
Оқиға орнында апаттан құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Келеңсіз жағдайдың себебі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.