2010 жылы АҚШ-тың бойы ең ұзын тұрғыны ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Игорь Вовковинский 38 жасында жүрек ауруынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға cілтеме жасап.
Бірнеше күн бұрын актердің анасы ұлының қазасы туралы Facebook-те жазды.
Вовковинскийдің бойы 235 см болған. 1989 жылы оның отбасы баланы рактан емдеу үшін Украинанадан АҚШ-қа көшіп келген. Вовковинский АҚШ президенті қызметін атқарған Барак Обаманың сөз сөйлеуі кезінде «Обаманың әлемдегі ең үлкен жақтасы» футболкасын киіп жүргенде ерекше танымал болған. 2013 жылы «Евровидение» ән байқауының жанкүйерлері Вовковинский сахнаға әнші Злата Огневичті көтеріп алып шыққаны есінде қалды.
Бүгінде әлемдегі бойы ең биік адам – түрік шаруасы Сұлтан Көсен, оның бойы - 251 см.