Жексенбі күні АҚШ-тың Атланта қаласында (Джорджия штаты) болған атыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті Fox 5 телеарнасы хабарлады.
Телеарна мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша шамамен 16:00-де белгісіз біреу Атланта қаласындағы дүкендердің бірінде жүрген бір топ адамға оқ жаудырған.
Оқиғаның алдында екі әйелдің жанжал шығарып, ақыры біреуін полиция ұстағаны белгілі болған. Атыс салдарынан кем дегенде алты адам зардап шеккен, арасында екі бала бар. Зардап шеккендердің бірі — ер адам кейінірек ауруханада көз жұмды.
Күдікті туралы еш мәлімет келіп түскен жоқ. Полиция оқиғаны тергеу үстінде.