Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы орталықтың телеграм каналы хабарлады.
Балалар да ересектер секілді коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім келеді. Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан. Бұған американдық Педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының есебі дәлел.
Хабарламада айтылғандай, өткен аптада балалар арасында 23,5 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. АҚШ-та COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың жалпы санының 14,2%-н балалар құрайды.