АҚШ-тың Флорида штатында 12 қабатты тұрғын үйдің опырылып құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті, деп хабарлайды CNN телекомпаниясы.
Бұл туралы жұма күні өткен баспасөз мәслихатында Майами округінің басшысы Дейд Даниэлла-Ливайн Кава мәлім етті.
«Күні бойы үйінділер астында қалған тағы екі адамның денесін шығардық. Осылайша, оқиға салдарынан мерт болғандардың саны 22-ге жетті», - деді ол.
Майами төңірегіндегі Серфсайдта (Флорида штаты) орналасқан көпқабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні опырыла құлады.