АҚШ-тың әскери-әуе күштері Ирак және Сирия шекарасы ауданында Иранды қолдайтын топтарға әуеден соққы берді, деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі.
«Америка әскерилері Сириядағы екі және Ирандағы бірнеше нысанға әуеден соққы берген. «Оперативтік нысандар мен қару-жарақ қоймаларына» әуеден салынған соққы американдық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарға шабылдауға берілген жауап болды», - деп мәлімдеді жексенбі күні Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби.
«Құрама штаттар эскалация қаупін шектеуге бағытталған қажетті, орынды әрі алдын ала ойластырылған әрекеттер қабылдады», - деп қосып өтті Кирби.
Сондай-ақ Пентагон мәлімдемесінде «Президент Джо Байденнің АҚШ қызметкерлерін қорғау үшін әрекет жасайтыны» атап өтіледі.
«Сирияның адам құқықтары жөніндегі обсерваториясы» ұйымының мәліметінше, шабуыл салдарынан бес содыр қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алған.