Сенбі күні Бостон қаласының Дорчестер ауданында болған атыстан кем дегенде төрт адам жарақаттар алды. Бұл туралы NBC телеарнасының жергілікті бөлімшесі полиция мәлімдесіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның дерегінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат кешкі алтыда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 04:00) болған. Атыс салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі кезде полиция ешкімді ұстаған жоқ. Болған оқиғаны тергеу жалғасуда.