20 там, 2020 сағат 17:03

АҚШ әділет министрлігі ИМ-нің екі мүшесін өлім жазасына кеспеуге уәде берді

Александа Амон Котей (сол жақта) және әл Шафи Әл-Шейх, ИМ экстремистік ұйымының "Битлз" деп аталатын тобына қатысы бар деп күдікке ілінгендер.

19 тамызда АҚШ әділет министрлігі Сирияда Батыс елдерінің азаматтарын азаптап, өлтірді деп күдікке ілінген "Ислам мемлекеті" (ИМ) эктремистік тобының екі мүшесіне өлім жазасын қолданбауға уәде берді. 

Өлім жазасынан бас тартқан Ұлыбритания соты бұған дейін екі күдіктіге АҚШ өлім жазасын қолданбауға уәде бермейінше олар туралы ақпаратпен бөлісуден бас тартқан еді. Ұлыбритания азаматтығы бар екі күдікті Александа Амон Котей және әл Шафи Әл-Шейх қазір АҚШ әскерилерінің қолында. 

АҚШ бас прокуроры Уильям Баррдың уәдесі ИМ экстремистік ұйымының "Битлз" деп аталатын топ мүшелеріне қатысты істі сотта қарауға мүмкіндік береді.

Тергеу органдарының айтуынша, бұл топ мүшелері Сирияда адамдарды (арасында АҚШ және Ұлыбритания да азаматтары да бар) азаптап, басын кескен.