Ақмола облысында жалпы саны 43 қасиетті орын тіркелген. Оның ішінде 10-ы республикалық киелі орындары картасына енсе, өңірлік киелі жерлер саны - 33. Бүгін назарларыңызға Абылай хан алаңы мен Кенесары хан үңгірі туралы ақпарат ұсынамыз.
Абылай хан алаңы
Хан билігінің жарты ғасырлық кезеңі, тек тарихнамада және мұрағаттық көздерде ғана емес, халыққа «Абылайдың алтын ғасыры» ретінде белгілі болды. Өткен ғасырдың Қаңтарбаевтың картасы бойынша жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Көкше-Бурабай маңында Абылайдың атымен байланысты екі алаң болды: «Үлкен және кіші алаң». Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, үш жүздің басын біріктірген алаңда Абылай ханның орны болған. Абылай хан стеласынан жоғары қарай, 120 метр жерде Көкше тауының бөктерінде қазақтарда киелі жер бар, бұл Абылай ханның жалғыз гранит тасынан жасалған тағы орналасқан. Қазірдің өзінде «Хан тағы» деп аталатын орын, тарихи оқиғаның куәгері болып келеді. Хан тағынан алаң толықтай көрініп, алаңдағы барлық дауыс анық естіледі. Тарихи шешімдерді қабылдау үшін, неліктен Ұлы ханның осы жерді таңдағаны барлығымызға мәлім бола бастады. Солардың бірі - Көкшетау тауы маңындағы «Абылай ханның алаңы» деп аталатын тарихи жер. Осы жерде, жүз жыл бұрын таудың етегіне киіз үйін қойып, табиғатқа тамсана отыра Сәкен Сейфуллин өзінің болашақ үздік туындысы “Көкшетау” поэмасын жазды. “Кербез Көкше” табиғат сұлулығын жырлай отыра, халық аңыздарын жинау негізінде, қазақ поэзиясының классиктерінің жинағы, өзіннің поэмасында Абылай хан - басты кейіпкері болған тарихи поэмасын жазды. Көкшетау төңірегінде Абылай хан дәуірінен осы күнге дейін осындай топонимдер мен гидронимдер сақталды: “Ханның қызыл ағашы”, “Ханкөл”, “Төре Қызыл ағашы”, “Қымызнай”, “Ораз бұлағы”, “Аталықтың ауылы”, “Қара қыстақ”, “Жұмақай қыстауы”, “Текекөл”, “Жайнақкөл” және т.б.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ тарихындағы ұлы тұлғаға арналған «Абылай хан Ордасы» сәулет-тарихи кешені экспозициялық залымен - мыңдаған адамдар үшін, соның ішінде алыс және жақын шет елдердің туристерінің сүйікті орны болып саналады.
Кенесары хан үңгірі
Көкшетау өлкесінің солтүстік бөлігінде үлкен көл бар. Көлдер жасыл жамылғымен жабылған. Бұл - Ұлы Абылай ханның ордасы және бұл көлді «Хан көлі»- деп атаған. 1802 жылы Қасым сұлтанның ұлы, Ұлы Абылай ханның ұрпағы дүниеге келген. Кенесары Қасымұлы - қазақ ханы, 1841 жылдың үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан болып сайланды. 1837-1847 жылдары ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, Қасым сұлтаннан туған Кенесары – көрнекті қолбасшы, қазақтың ұлт-азаттық көтерілісінің аса білікті жетекшісі ретінде халық санасында сақталған. Хан Кене әкесі Қасым сұлтанның ісін жалғастырып, патша колонизация және патша үкіметі қазақтың жерлеріне әскери бекіністер салды. Кенесарының саяси мұрасы халықтың есімінде абыройлы, халықтың мақтанышы мен қадірі ретінде қалды. Кенесарының мұрасы өзінің жеке тағдыры сияқты, әртүрлі қайшылықтарға ұшырады. Олар рухтың жетелеуімен шабыттанып, халық есінде ар-ұждан іспеттес, халықтың сана-сезімінен Кенесарыны тазартуға тырысты. Аталмыш үңгірге апарғанда, осы қызықты тарихты эскурсоводтар туристерге айтады. Бұл аңыз шынайы болуы мүмкін, өйткені Абылай ханның немересі, Қасымның ұлы- Кенесары Қасымов осы жерде 1802 жылы дүниеге келген. «Кеңесары үңірі» деп аталатын тарихи жер аңызға сай, ол аң аулап оралғаннан кейін осы жерге келіп, тынығуды жақсы көрді және түнейтін орын болған.