Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік жеткізу көлемін ұлғайтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елорда айналасында азық-түлік белдеуі шеберінде Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік жеткізу көлемін ұлғайтты. Оның ішінде ет өнімі - 1,8 пайыз (7,2 мың тоннаға дейін), сүт - 1,7 пайыз (14,3 мың тонна), жұмыртқа - 3,2 пайыз (67,2 миллион данаға дейін) артты.
Облыста ет өндірісі 32,8 пайызға, шұжық өнімдері 1,2 пайызға, ұн 22,3 пайызға, өңделген сүт 8,1 пайызға, өсімдік майы 36,6 пайызға ұлғайған.
Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев айтты.
Сонымен бірге, облыста азық-түлікті тұтыну индексі 101,8 пайызды құрады. Картоп (20,5 пайызға), қант (11,6 пайызға), қырыққабат (на 8,3 пайызға), сәбіз 9 (пайызға), сиыр еті (8,1 пайызға), сарымсақ (5,4 пайызға), 1 сортты нан (3,2 пайызға), макарон (3 пайызға), қарақұмық жармасы (2,4 пайызға), сары май (2,3 пайызға) бағасы қымбаттады. Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына инфляция көлемі - 102,6 пайыз (респбулика бойынша 8-орын).
Ауыл шаруашылығы тауарларының нақты көлем индексі 104 пайызды немесе 38 миллард теңгені құрады.
Көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру үшін Үкімет тарапынан облысқа 68 тонна дизель отыны бөлінген.
«Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру керек. Бұдан бөлек, әлеуметтік аз қамтылғандар, көпбалалы отбасылар, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алатындарды әлеуметтік қолдау жұмысы да жалғасуы тиіс. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп, ана мен нәресте өлімін азайтуды, медициналық мекмелерді цифрландыруды ұлғайтуды, онкологиялық және өзге де ауруларды ерте анықтауды қамтамасы етуді, дәрігер мамандардың тапшылығын азайтуды тапсырамын», - деді Ермек Маржықпаев.