03 жел, 2020 сағат 16:18

Әкімдік 63 миллион теңгенің жарық шоуы туралы пікір білдірді

Алматы әкімдігі Астана күніне жоспарланған 63 миллион теңгенің жарық шоуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қаласы мәдениет басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Алматыда елорда күніне орай биыл жазда 63 миллион теңгенің жарық шоуы өткені туралы ақпарат пайда болды.

Алайда оқырмандар бұл жарық шоуы шын мәнінде болмағаны, тек монтаж арқылы жасай салған деген күмәнін айтқан.

"Nur Light 3D show" жарық шоуы - бұл 3D mapping саласындағы жетістіктерді пайдалана отырып әзірленген жоғары технологиялық көрініс. Жоба Алматы қаласының креатив индустрияларын дамыту аясында жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.

Бұл жоба 6 шілдеде Астана күніне жоспарланған екен, одан кейін бұл материалды ҚР Тәуелсіздік күніне пайдалану жоспарланыпты. Алайда өтпей қалған.

"Өкінішке қарай, елдегі және қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ол өтпейтін болды. 2020 жылдың 6 шілдесінде желіге әлеуметтік желілер үшін арнайы құрастырылған 3D mapping элементтері бар графикалық ролик орналастырылды. Көп жұмыс жүргізілгендіктен, барлық материал 2021 жылы жаппай іс-шараларға рұқсат етілгеннен кейін пайдаланылатын болады", - дейді әкімдік өкілдері.

Жобаны "ВАРДИ Азия" ЖШС ивент-компаниясы жүзеге асырғаны да айтылады.

"Барлық жұмыс орындалғандықтан, түсірілім 2020 жылғы 25 маусымда ҚБТУ ғимаратында түнгі уақытта жүргізілді, аудиовизуалды контенті бар барлық материал және Мәдениет басқармасына шығармашылық есептер тапсырылды, төлем жүргізілді", - делінген хабарламада.