25 нау, 2021 сағат 08:52

Әкімдерде жерді бөлу құзіретінің болуы дұрыс емес – Ақылбек Күрішбаев

Әкімдерде жерді бөлу құзіретінің болуы дұрыс емес. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның 1-отырысында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, 2016 жылы құрылған мемлекеттік жер комиссиясының өз уақытында қоғамдағы түрлі пікірлерді біріктіріп, жер қатынастарын жетілдіру жөніндегі негізгі ұсыныстарды ескергенін атап өткім келеді. Сондықтан, менің ойымша, қазіргі жер комиссиясы өз жұмысында сол ұсыныстарды негізге алуы керек. Өкінішке қарай, олардың бір бөлігі іске асырылмай қалды. Мәселен, елде жер ресурстарын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін, біз мемлекеттік жер инспекциясының вертикалын қалпына келтіре алмадық. Сонымен қатар, Жер ресурстарын басқару комитетінде тек 38 адамнан тұратын орталық аппараты бар. Аймақтық жер инспекциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген. Сонда аудан әкімі жерді өзі бөледі, өзі оны бақылайды. Бұл - дұрыс емес», - деді Ақылбек Күрішбаев. 

Оның атап өтуінше, елімізде топырақ-агрохимиялық зертханалар желісін құру мәселесі де шешілген жоқ. Сондықтан жалға берілген жер телімдерінің топырақ құнарлылығы не болып жатқанын нақты білмейміз. 

«Әкімдіктер ауылдық елді-мекендерді жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін соңына дейін шеше алмады. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, қазір ауылдың малын жаюға 32 млн гектардан астам жайылым жетіспейді. Бұл Үкіметтің қарауына 2016 жылы жер комиссиясы шығарған мәселелердің бір бөлігі ғана, олар әлі күнге дейін түпкілікті шешімін таппады», - деді сенатор.