15 жел, 2020 сағат 17:20

Аида Балаева Тәуелсіздік күніне орай ақпарат және қоғамдық даму саласының қызметкерлерін марапаттады

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде медиа саласының және азаматтық қоғам өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстау шарасы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министр Аида Балаева әріптестерді Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, қалтқысыз қызметтері үшін алғысын білдірді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай келесі мемлекеттік наградаларды табыс етті:

«Құрмет» орденін – Абуова Қаламқас Әскерқызына - «Казинформ» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ бас директорының кеңесшісі;

«Ерен еңбегі үшін» медалін – Миронюк Татьяна Александровнаға - «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры; Қожаев Шалқар Мұқашұлына - «Хабар 24» арнасының шеф-редакторы.

Ведомство басшысы сонымен қатар еңбегімен ерекшеленген министрліктің бірқатар қызметкеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады.