ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева танымал қазақстандық журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындарына, туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін танымал БАҚ-тардың бірі informburo.kz жетекшісі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, жарқын әрі дарынды адам Михаил Дорофеевтің өмірден озғанын естідім. Михаилді жеке танитын едім, оның өмірден озуы – отандық журналистика үшін өте ауыр қаза. Оның көптеген достары болды, бәрі оны жақсы көрді және құрметтеді, кәсіби және адами қасиеттерін қадірледі. Бәріміз оны сағынатын боламыз. Жеке өз атымнан және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына және әріптестеріне қайғыра көңіл айтамын», - деп жазды Аида Балаева Facebook желісінде.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеев өмірден озды.