Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кездесу барысында министр сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл, әсіресе, рухани дәстүрлерді қалыптастыратын және бейбітшілік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосатын діни бірлестіктерге қатысты.
Сондай-ақ, министр Қазақстанның православие шіркеуі рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыруда, қоғамда ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауда, жастарды патриоттық сезімге баулуда мемлекеттің сенімді серіктесі екенін атап өтті.
Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздің діни бірлестіктерімен, соның ішінде православие шіркеуімен серіктестік қарым-қатынас орнатып жатқанын атап өтті.