Бүгін сенат отырысында депутат Әли БЕКТАЕВ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, ауылшаруашылығы министрі Ө.Е.ШӨКЕЕВТІҢ атына депутаттық сауал жолдады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрініңорынбасары,
ауылшаруашылығы министрі
Ө.Е. ШӨКЕЕВКЕ
Құрметті Өмірзақ Естайұлы!
Қазақстан әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қатарына кіру үшін агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтаудың маңызы зор. Соңғы кездері мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын механикаландыруға едәуір қаржы бөлініп жатқанымен, аграрлық секторды жаңа техникамен қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен екендігін, жүйелі жұмыстардың тапшылығын мойындауымыз керек. Соңғы 15 жылдың көлемінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникаларының саны орта есеппен екі есеге азайған. Ал бар техникалардың тозығы жеткен. Бүгінгі таңда 150 мыңға жуық трактордың 65%, 41 мыңнан астам комбайндарының 46%, 66 мың мал азығын дайындау техникаларының 67%, 380 мыңнан астам жер жырту мен өңдеуге арналған техникалардың – 84% тозған, олардың қызмет ету мерзімі 17 жылдан асқан. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай сияқты ең ірі аграрлық өңірлерде тозығы жеткен техникалардың саны басқа өңірлермен салыстырғанда әлде-қайда көп.
Мамандардың есептеуі бойынша барлық ескі техникаларды жөндеуге және олардың жанар жағар майына жылына 95 млрд. теңгеден астам қаржы артық жұмсалады екен, ол барлық өндіріс шығындарының 20%-ын құрайды.
Артық жұмсалатын шығындардың көлемі Ақмола облысында 20%, Павлодар облысында - 21%, Қостанай облысында 24%-ға дейін жетеді. Астық ору науқанында ескі комбайндардың есебіненшаруалар 3 млн. тонна өнім жоғалтады, қаржыға шаққанда ол 200 млрд.теңгеден асады.
Қазақстанда нормативтік қажеттілік бойынша да ауылшаруашылығы техникаларының жетіспеушілігі байқалады. Әр 1000 гектар егістік жерге елімізде 6 трактордан келсе, Аргентинада – 8, Өзбекстанда – 9, Беларуссияда – 11, Канадада – 16, Германияда – 64 трактордан келеді. Комбайндар бойынша да шамамен осындай жағдай қалыптасқан.
Күрделі техникаларды айтпағанда, өзімізде шығаруға болатын 2000-нан астам тырмалар, 3000-ға жуық терең қопсытқыштар, 1000-ға жуық соқалар, 1000-нан астам шөп ору механизмдері мен 6000-нан астам астық тазалау машиналары жетіспейді.
Елімізде техникалар паркін жаңартудың деңгейі де төмен. Республика бойынша комбайндарды жаңғырту көлемі жылына 3,9%-ды, тракторлар бойынша – 1,7%, мал азығын дайындау техникаларын жаңғырту 1,6%-ды, жер жырту және өңдеу техникалары бойынша небәрі – 0,3%-ды құрайды. Техникаларды жаңғырту көлемі осы деңгейде қалатын болса, онда қызмет ету мерзімі 10 жылдан асқан комбайндарды толық жаңарту үшін кемінде 20 жыл, ал тракторларғатағы да 50 жыл қажет.
Жыл сайын ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға орта есеппен 104 млрд.теңгенің көлемінде қаражат жұмсалса, оның тек 30 млрд. теңгесі ғана отандық өнім өндірушілерге тиесілі. Яғни жаңа техникалардың 70%-дан астамы шетелден келеді. Ал өзімізде жиналатын комбайндар мен басқа да машина-тракторлардың Қазақстандық мазмұны 45%-дан аспайды.
Бір сөзбен айтқанда ауылшаруашылығы машиналарын жасау саласына ерекше көңіл бөлетін, сол арқылы аграрлық секторды техникамен жабдықтауды түбегейлі өзгертетін уақыт келді деп есептейміз.
Ол үшін Қазақстанда агротехникалық саясатты қалыптастыратын және агроөнеркәсіптік кешенді техникамен толық жабдықтауға мүмкіндік беретін кешенді салалық бағдарлама қажет.
Бұл бағдарламада:
- Отандық машина жасау кәсіпорындарын мемлекеттік қолдаудың бар мүмкіндіктерін қарастыруды, жеңілдетілген несиелердің көлемін арттыруды, коммуналдық шығындарының бір бөлігін субсидиялауды көздейтін;
- Ауыл шаруашылығына машина жасаушылардың көпшілігі Беларуссия және Ресей кәсіпорындарымен бірлесіп құрылғандықтан Қазақстанда шығарылатын техника модельдерін шетелдік диллерлер арқылы тікелей сатуға тосқауыл қоюын;
- Жаңа техникалар мен технологияларды көпшілікке көрсететін арнайы Агротехникалық салон ашуды, тауар өндірушілерге ұсынылатын, ауыл шаруашылығы техникаларының реестрін құруды қарастыратын;
- Шаруалар үшін техника алуға қарастырылған мемлекеттік субсидиялаудың деңгейін 25%-дан 50%-ға дейін көтеруді, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингкеберілетін техникаларға аванстық төлемдер көлемін 25%-дан 10%-ға дейін төмендетіп,мерзімін 10 жылға дейін ұзартуды көздейтін;
- Ауылшаруашылығы техникаларын жаңғыртудың деңгейін 2021 жылға дейін бағдарламада көрсетілгендей 3,5% емес, нормативтік қажетті деңгейге дейін, яғни жылына 8-10%-ға жеткізуді қарастыратын;
- Қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндігі жететін шөп ору, құрама жем дайындау, жер жырту және өңдеу техникаларын, комбайндар мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектерін шығаруды ынталандыратын;
- Аграрлық секторға техникалық қызмет көрсететін, қажетті бөлшектерді жеткізетін, май ауыстыру, техникалық байқау жұмыстарын жүргізетін заманауи сервистік орталықтарды көбейтіпнақты шаралар қарастыру қажет деп санаймыз.
Қолдауыңызды сұраймын.
Құрметпен, Ә. БЕКТАЕВ