17 қар, 2024 сағат 13:25

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында газ баллоны жарылып салдарынан үш адам қайтыс болды және 16 адам түрлі деңгейде зардап шекті. Бұл туралы ULT.KZKAZ.INFORM.KZке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Казахстан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында газ баллоны жарылып салдарынан үш адам қайтыс болды және 16 адам түрлі деңгейде зардап шекті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
Төтенше жағдай ауылдағы бұрынғы мешітте ас беру кезінде болған. 


«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын алып шықты, барлығы жеті газ баллоны болған. Жарылыстан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Сонымен қоса құтқарушылар үйінділердің астынан 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған жеткіншектің денесін тапты. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қаласының қалалық ауруханасына жеткізді», - делінген хабарламада. 
Қазір газ жарылысы болған жерде жеке құрамның 30-ға жуық маманы және 5 ТЖД техникасы, сондай-ақ жедел құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы, психологтар мен Астана қаласының кинологиялық қызметі жұмыс істеп жатыр.

«Төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін Ақмола облысы және Астана қаласы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы тағайындалды. Ақмола облысы ТЖД базасында жедел штаб ашылды, 87162520950 жедел желісінің телефоны жұмыс істейді», - деп ескертеді өңірлік ТЖД. 

Еске салсақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі халық газ құйып жүрген баллондардың көбі жарамсыз екенін ескерткен еді.