Әділхан Ержанов Швецияда өткен кинофестивальде "Үздік режиссер" атанды
Әділхан Ержанов Швециядағы Hope International Film Festival кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол "Сары мысық" фильмі үшін ең үздік режиссер ретінде танылды. Сонымен қатар, Верона (Италия) және Брюггеде (Бельгия) өткен екі кинофестивальде де картина "үздік фильм" номинациясымен марапатталды.
Фильмде қазақстандық Бонни мен Клайдтың оқиғасы баяндалады. Жас Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралып, өзінің қатыгез заңдарын орнатқан қылмыстық топ сол жерде билік жүргізіп жатқанын көреді. Оның сүйікті қызы Ева осы адамдардың қысымымен жаман жолға түседі, ал Кермек өзі қылмысқа батып кетеді. Алайда оның арманы - сүйіктісімен бірге бұл қиындықтан өтіп, кинотеатр салу. Ол мақсатына қандай жолмен болса да қол жеткізгісі келеді.
"Сары мысық" фильмін Zerde FILMS компаниясы Short Brothers, Arizona Productions (Франция) компанияларының, "Қазақфильм" киностудиясының қатысуымен түсірген.