13 нау, 2024 сағат 13:06

Әділетті Қазақстан орнатуды қашанға жоспарлап отырсыздар — Ринат Зайытов

Фото: Парламент Мәжілісінен

Бүгін Парламент Мәжілісі отырысында депутат Ринат Зайытов билік өкілдерінен президент айтқан «Әділетті Қазақстанға» қашан жететінімізді сұрады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


 «Айтатын басқа жерім жоқ, айтуға мәжбүрмін. Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Жоғарғы соттың өкілдеріне, біздің президенттің халыққа үміт берген бір сөзі – «Әділетті Қазақстан» деген сөзі еді, қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кете салып, қамай салатын мүмкіндік бар. Оған жоқ жерден айып тағатын прокуратура бар, шешім шығара салатын сот бар. Осы орайда сұрақ, әділетті Қазақстан орнатуды қашанға жоспарлап отырсыздар?» - деді Ринат Зайытов өз сөзінде.