28 там, 2016 сағат 10:15

Әділбек Ниязымбетов: екі айдан соң үйленемін

Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Токио Олимпиадасына қатысатыны не қатыспайтындығы жайында шешім қабылдамаған, алайда өмірлік жан-жарын тапқанына сенімді, ол бір-екі айдан соң үйленбек, - дейді Vesti.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өкінішке орай мен бұл жаңалығыммен өз жанкүйерлерімнің арасындағы қыздардың көңіл күйін түсірермін (күледі), алайда мен өзімнің нақсүйерімнің бар екенін және бір-екі айдан соң үйленетінімді айтқым келеді", - деді боксшы.

Әділбек Ниязымбетов берген сұхбатында Рио Олимпиадасында қай қарсылас мықты болды деген сұраққа барлығы да мықты болды деп жауап берді. "Ең қиыны Қазақстан халқының үмітін ақтау керек болды. Біз қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Финалдық кездесуде жеңіске жете алар едім, алайда сәті түспеді. Осы күндері өзіме қатты ренжулімін, себебі "алтын" медальға бір табан қалғанда бар өнерімді көрсете алмадым. Елбасы мені алтын медаль иегері ретінде марапаттады, алайда жеңіс тұғырына шықпаған соң көңілің жай таппайды", - деді Ниязымбетов.

Еске салайық, Рио Олимпиадасында Ниязымбетов бокстан 81 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, күміс медальді иеленген. Алайда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада салтанатты марапаттау рәсімінде Олимпиада ойындарының күміс медаль иегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке алтын медаль иегері ретінде марапатталуы тиіс деген болатын.


kaz.tengrinews.kz