29 қар, 2022 сағат 17:15

"Әділ мемлекет құру үшін - шалдың жүйесін өзгерту керек!" - Еділ Жаңбыршин


Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі парақшасында әділ мемлекет құру жолдарына қатысты өткір пікірін бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Әділдік құру үшін!

1. Әділ мемлекет құру үшін - шалдың жүйесін өзгерту керек!

2. Әділ экономика құру үшін - қыз-күйеудің жүйесін бұзу керек!

3. Әділ қоғам құру үшін - інісінің сектасын жоқ қылу керек!…", - деп жазды депутат.

Айта кетейік, Жаңбыршин депутат болып сайланғалы қоғамдағы қордаланып қалған мәселелерге қатысты ойын ашық айтып, өзінің турашылдығымен көзге түсіп жүр.