видео кадры
Қырғызстан мен Қазақстандағы әлеуметтік желіде аюдың адамдарды қуып бара жатқан видеосы тарады. Кадрлар қай жерде түсірілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, видеоға мұқият қарағанда, екі ер адамның - полиция мен өрт сөндіру/ТЖМ қызметкерлерінің формалары Қырғызстан немесе Қазақстан аумағындағыларға ұқсамайтынын байқауға болады.
Тексеру нәтижесінде оқиға Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында болғаны анықталды, видео Қытай пабликтерінде 27 мамырда пайда болған. Қоңыр аю қойшының үйіне кіріп, жылқыға шабуыл жасаған, шопан полиция қызметкерлерін көмекке шақырған. Жабайы аңды қуып жіберген, адамдардың ешқайсы зардап шекпегені айтылған.