16 шіл, 2018 сағат 14:22

ӘЧ финалының есебін дәл тапқан Алматы тұрғыны 135 есе ұтысқа ие болды (фото)

Әлем чемпионатының жеңімпазын ғана емес, Франция-Хорватия матчының есебін де дәл тапқан Алматы тұрғыны аз ғана тіккен ақшасын (1000 теңге) еселеп, 135 мың теңге жеңіп алды, деп жазады sputniknews.kz.

Ресей азаматы Елена Рогожина Бішкектен Алматыға бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Өмірін, айналасын өзгерткісі келіпті. Қалаға келген соң тұрмыстық техника мен электронды құрылғы сататын ірі компанияға жұмысқа тұрған екен.

Бұдан бұрын спортқа ешқандай әуестігі болмапты. Бірақ әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көрсеткенде бәрі өзгереді. Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тіккен жігіт 300 мың теңге ұтысқа кенелген.

"Тіпті аздап ішім күйіп кетті", — дейді Елена Рогожина. — "Мен не одан кеммін бе?" деп ойладым. Сөйтіп, букмекерлік кеңсеге келдік. Барлық мүмкін ұтысты қарап шықтым. Франция 6:0 есебімен жеңсе, мың теңгені жарты миллион қылып өсіріп алуға болатын еді. Бірақ, ештеңе білмесем де, мұндай жайттың болуы мүмкін емес екенін түсіндім. Франция 3:1 есебімен жеңетініне 1 мың теңге тіксем, бағым жанса, 23 мың теңге ұтар едім. Сондықтан, барлық болжамды қарап, 4:2 деген есепті таңдадым. Коэффициенті жақсы еді".

Елена қателеспепті. "Франция мені осылайша байытып жіберді", — дейді Елена олжаға кенелткен түбіртегін көрсетіп.