25 қаң, 2021 сағат 07:52

Әбу-Даби қаласында Израиль елшілігі ашылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында Израиль елшілігі ашылды. Бұл - өткен жылы елдер арасындағы қарым-қатынасты толық қалпына келтіру туралы келісімнің нәтижесі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

24 қаңтарда Абу-Дабиде Израиль елшілігі БАӘ-ге дипломатиялық миссияның басшысы Эйтан Наэнің келуімен қатар ашылды, деп хабарлады Израиль Сыртқы істер министрлігі. 

Мәлімдемеде атап көрсетілгендей, «Израильдің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі елдер арасындағы байланыстың дамуына ықпал етеді».

Эйтан Наэ – Израильдің Түркиядағы бұрынғы елшісі, БАӘ-де ол уақытша сенімді уәкіл мәртебесіне ие болады.

Сондай-ақ 24 қаңтарда Әмірліктердің билігі Тель-Авивте елшілік ашуға рұқсат берген болатын.

Бір апта бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Натаньяхудың ақпан айында Біріккен Араб Әмірліктеріне баратыны белгілі болды. 

Израиль үкіметі басшысының сапары елдер арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісімдерге қол қойылғаннан кейінгі алғашқы сапар болмақ.