05 жел, 2022 сағат 09:04

Абай облысындағы арнайы операция: жасырын цех әшкереленді


Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері алкогольді заңсыз өткізу бойынша жерасты цехын жою жөнінде арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ІІМ Telegram-арнасының мәліметінше, контрафактілік алкогольді Семейдің 57 жастағы тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған.

Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден аса алкогольді тәркіледі. Оның жалпы құны 2,5 миллион теңгеден асады. Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілген.

"Бұл факт Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді", - деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.