23 қаз, 2025 сағат 16:37

Абай Бегейдің қызы бет-аузы көгерген видео жариялап, жұртты дүрліктірді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бет-аузы көгерген видеосын жариялап, оқырмандарын біраз әбігерге салды, деп хабарлайды Ult.kz.

Видео астында Сымбат: «Енем ескертусіз келіп қалды» деп жазба қалдырған. Бастапқыда көпшілік видеоны шын жағдай деп ойлап, алаңдаушылық білдірген. Алайда кейін белгілі болғандай, бұл — әзіл мен әлеуметтік желідегі пранк-трендтің бір бөлігі екен.

Дегенмен, видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі:

«Қайдағыны шығарып…»,
«Ойбуу, әбден күлдім»,
«Енең сені жақтап ұрысам дегенше өз баласын давно ұрып емін беріп қойдың ба?» — деп әзілге бұрса,

енді бірі:

«Бұл күлкі ететін нәрсе емес»,
«Мұндай трендтерді тоқтату керек»,
«Еріккеннің ермегі ғой» — деп сынға алды.

Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде түрлі "реакция пранктары" мен отбасылық әзіл видеолар кеңінен тарап, кейде қоғамда теріс қабылдау мен даулы пікірлерге себеп болып жүр.