23 қыр, 2020 сағат 16:10

9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 қыркүйекте Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

24, 26 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/скүтіледі 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 24-25 қыркүйекте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Cолтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйектежелдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында кей жерлерде түман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 24 қыркүйекте облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. 

Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Шығыста таулы аймақтарында жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупісақталады.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында ертең жауын-шашын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.