17 там, 2020 сағат 21:30

9 өңір мен елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 18 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. 

Түркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай күркірейді. Кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде 18 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінденайзағай күтіледі.Жел солтүстік-батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. 

Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда қатты нөсерлі жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20, екпіні 25 м/с.

18 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 18 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі.Кей жерлерде тұман, найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95 %.