08 қаз, 2020 сағат 22:18

9 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі. 

Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының түнде кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.