08 қаң, 2020 сағат 12:36

9-11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

9-11 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Атлантика мен Жерорта теңізінен атмосфералық фронттар бірінен кейін бірі Қазақстан аумағы арқылы өтіп, өзімен бірге дымқыл және жылы ауа массаларын алып келеді. Сондықтан жауын-шашынға қарамастан, республикада қатты аяздар күтілмейді. Күн қысқа мерзімге суытып, кейін көп ұзамай солтүстік-батыстық тропосфералық ағымдар оңтүстік-батысқа ауысып, ауа температурасы қайта жоғарылайды. Осыған орай, Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ және көру мүмкіндігі 500 метрден аспайтын тұман сақталады», - делінген синоптиктердің ақпаратында.