Қазгидромет 15 тамызда Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде оның екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең 15 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, оның екпіні кей жерлерде 15-20 м/с болмақ.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде - 15-20 м/с.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оның күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп болжануда.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100 %.