22 мам, 2020 сағат 15:16

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 23 мамырда еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.