11 қар, 2020 сағат 16:41

7 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 7 облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады. 

12 қараша күндізгі мезгілде Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі. 12-13 қарашада кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші – 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. 

Қарағанды қаласында 12 қарашада – көктайғақ, бұрқасын, тұман болады, күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады: екпіні – 15-20 м/с.

Жезқазған қаласында 12 қарашада тұман, көктайғақ күтіледі.

12 қараша күндізгі мезгілде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде – 15-20, екпіні – 23-28 м/с.

Өскемен қаласында 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Семей қаласында 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

12 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болмақ. 

12 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

12 қарашада Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 

12 қараша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

Орал қаласында 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.