Фото: ашық дереккөз
Жұмыссыздық пен инфрақұрылымның жетіспеуі салдарынан 2024 жылы 6,7 мыңнан астам адам ауылдан көшіп кеткен. Бұл туралы жұма күні өткен ҚР Парламенті Палаталары бірлескен отырысында айтылды, деп хабарлайды Ult.kz.
«Жоғары аудиторлық палата бұл үрдісті нақты атап өткен. Микрокредит, жеңілдетілген несие – бұл тек құрал. Егер ауылда тұрақты жұмыс, қолжетімді баспана, мектеп, медициналық пункт және мәдениет үйі болмаса, бұл бағдарламалар ұзақмерзімді нәтиже бере алмайды», ‒ деп атап көрсетті «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі С. Егізбаев.
2024 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 575 млрд теңге бөлінсе, оның тек 86%-ы ғана игерілген. Ал соңғы бес жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2,2 трлн теңге бөлінгенімен Жоғары аудиторлық палатасының есебінде 142 млрд теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны анықталған.
Жұмыссыздық және ауылдан көшу
Ауыл шаруашылығы — ең төмен жалақы төленетін сала болып отыр. Орташа айлық жалақы — 262 мың теңге, ал ресми тіркелген қызметкерлер саны бар болғаны 1,6 пайыз екен.
«Бұл – ауылда көлеңкелі және маусымдық жұмыстың кең таралғанын, әлеуметтік қорғалмау мен болашақ зейнетақының жоқтығын көрсетеді. Мемлекеттік қолдау тек техника мен субсидияға емес, ең алдымен — ауыл тұрғынына бағытталуы қажет. Жұмыссыздық пен инфрақұрылымның жетіспеуі салдарынан 2024 жылы 6,7 мыңнан астам адам ауылдан көшіп кеткен. Жоғары аудиторлық палата бұл үрдісті нақты атап өткен. Микрокредит, жеңілдетілген несие – бұл тек құрал. Егер ауылда тұрақты жұмыс, қолжетімді баспана, мектеп, медициналық пункт және мәдениет үйі болмаса, бұл бағдарламалар ұзақмерзімді нәтиже бере алмайды», ‒ дейді Егізбаев.
Бұдан бөлек жиында ауылдағы фермерлердің мәселесі, су тапшығы, инфроқұрылымның мен денсаулық сақтау салаларындағы өзекті мәселелер көтерілді.