05 қаз, 2021 сағат 19:21

6 қазанға арналған ауа райы болжамы


«Қазгидромет» РМК 6 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде обылыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с артады. 

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с құрайтын жел соғады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.