02 шіл, 2021 сағат 12:52

45 градусқа дейін ыстық: Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы


«Қазгидромет» РМК 3-5 шілде күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және орталығында ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз термометрлер +35+40℃ болады. 

Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде +12+20℃ +17+25°С, күндіз +27+35 градустан +30+38°С дейін, ал оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстігінде түнгі температура +20+28°С, күндіз +35+45°С шамасында күтіледі», - делінген таратылған мәліметте.