Ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді); бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы); жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы); спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін); мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу) жұмысына рұқсат берілді», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Қазақстанда шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.