— Ұрлық ақшаға мешіт салуға бола ма?
— Болады. Бірақ сауабы жоқ. Құдайды ешкім алдай алмайды.
— Сонда ондай мешітте намаз оқуға болмай ма?
— Болады. Өйткені ол ұрлық ақша әу баста халықтікі болған.
— Сіз өзіңіз сол мешітте намаз оқыр ма едіңіз?
— Мешітке жұрт неліктен қарсы болып жатыр?
— Себебі 30 жыл елді тонағандарға деген реніш мешітке көлеңке түсірді.
— “Мешіттің орнына зауыт, мектеп салу керек еді” дейтіндер бар.
— Мешіт те, мектеп те, зауыт та қажет. Бір-біріне қарсы қоймау керек. Бірақ тек мешіт салсам ғана, сауап аламын деу қате. Халыққа қажет, пайдалы кез-келген дүниені жасау құлшылық һәм үлкен сауап. Кәсіпкерлер “Гарвард” секілді ғылым ордалары мен “Наса” секілді зертханаларды құрып жатса, мың мешітке бергісіз сауап іс болар еді.
— Шетелден бірқатар мүфтилер қатысты. Ал біздің мүфти қатысқан жоқ. Неліктен?
— Діннің саясиланғандығының көрінісі.
— Бұл протест болса, шетелдік мүфтилерді шақырмау керек еді. Ал шақырып алып, өзің бармау кем дегенде сол мүфтилерге құрметсіздік һәм ұят нәрсе емес пе?
— Ұят нәрсе.
— Мүфти ауырып қалды деген ақпарат шықты. Егер Тоқаев қатысқанда, ауырып қалдым деп қатысудан бас тартар ма еді?
— Жоқ. Қызуы көтеріліп, басы айналып тұрса да, шұғыл ем-дом жасап, система құйып бір-екі сағатқа келіп, қатысар еді.
— Болашақ не болады?
— Егер президент батыл һәм әділ болса, жақсы болады деген үміт бар. Бірақ жаралы қасқырлардың қайта шабуынан аса сақ болған жөн.