27 жел, 2019 сағат 18:56

30 желтоқсанда Нұр-Сұлтаннан Алматыға қосымша пойыз жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Нұр-Сұлтаннан Алматыға қатынайтын бір реттік пойызды іске қоспақ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 желтоқсан күні № 202/201 «Нұр-Сұлтан-1 - Алматы-2» бағыты бойынша жүретін бір реттік жолаушылар пойызына билет сатылымы басталды. Жөнелту уақыты – 22 сағ 03 мин» делінген хабарламада.