02 ақп, 2018 сағат 23:24

3 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде бұрқасын болады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 3 ақпанда республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 24-29 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.  

Маңғыстау облысында түнде жел тұрады жылдамдығы 15-20 м/с. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.  

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысында күндіз жел 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.