02 қар, 2020 сағат 09:55

3-5 қараша аралығында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 3-5 қараша аралығында солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы шығыс Еуропа аймағынан келетін антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен негізінен күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. 

Алғашқы күндері елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар жауа ды. 

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.