Қазақстан шахмат федерациясы 2024 жылғы жетістіктері үшін еліміздің шахматшылар қауымының үздік өкілдерінің есімдеріп атап, марапаттады. Sheraton Astana Hotel залында өткен KazChess Awards — еліміздің басты шахмат жүлдесін салтанатты табыс ету рәсімінде спортшылар, жаттықтырушылар, ардагерлер, төрешілер, медиа және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері бас қосты.
Кешті ашқан Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов еліміздің мәдени және спорттық мұрасы үшін шахматтың ерекше маңызды екенін атап өтті. Ол Қоғамдық марапат: «Үміт» («Надежда») орденін Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер 14 жасар Эдгар Мамедовке және «Дара» («Уникальный») орденін ерлер арасындағы гроссмейстер атағын иеленген ел тарихындағы екінші шахматшы қыз Бибісаре Асаубаеваға табыс етті.