25 қаң, 2021 сағат 09:10

Алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауып, күн жылынады

26-28 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алдағы үш күнде қар жауып, ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның солтүстік жартысы жылы атмосфералық фронттың жолына түседі. Ол аспанды тығыз бұлттармен жауып, қар жауғызады. Аяздың бетін қайтарады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын соғады.