24 сәу, 2020 сағат 12:40

25-27 сәуір аралығында республикада ауа райы құбылмалы болады

25-27 сәуір аралығында республикада ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белсенді фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып (солтүстікте қарға ауысады), кей жерлерде мол көлемде жаууы мүмкін. Бірқатар өңірлерде найзағай, тұман, дауыл, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік аймақтарда тыл циклонының орнын антициклон басып, ол жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.