23 қар, 2020 сағат 10:00

24-26 қараша аралығында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 2020 жылғы 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оған Солтүстік-батыс антициклоны өз әсерін тигізеді . 

Скандинавия түбегінен келген циклон елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды. Соның салдарынан жауын-шашын жауады. 

Кей аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. 

Ауа температурасы аздап көтеріледі. Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді.