25 қар, 2020 сағат 18:00

224 турист Мысырдан Қазақстанға ұша алмай қалды

Қазақстанға Мысырдан ұшып келуі тиіс болған 224 турист бір тәулікке кешігіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«SCAT» әуе компаниясының Boeing-757 ұшағын ұшу алдындағы дайындықтан өткізу кезінде қосымша жөндеу жүргізу қажет екені анықталды. Мысырдан Ақтөбеге ұшпақ болған жолаушылар all-inclusive форматындағы қонақүйлерге орналастырылды. Олар жергілікті уақытпен 12.00-де ұшу керек болатын. Барлық трансфер мен қонақүйдегі шығындарды авиакомпания көтереді. Рейс 26 қарашада жергілікті уақытпен 12.00-де ұшады деп жоспарланып отыр. Басқа қалада тұратын жолаушылар Ақтөбе қаласында үш мезгіл тамақ пен барлық жағдайы жасалған қонақүйлерге орналастырылады. Ұшу 21.00-ге жоспарланды», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «SCAT» әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Старожилова. 

Оның айтуынша, тағы бір тәулігін Мысырда өткізетін жолаушылардың саны – 224.