Фото: ашық дереккөз
2025 жылдың қарашасы қазақстандықтар үшін ұзақ мерекелік демалыстарсыз өтеді. Ult.kz қараша айындағы жұмыс және демалыс күндерінің ыңғайлы күнтізбесін ұсынып отыр – осылайша демалысыңызды, сапарларыңызды және күнделікті істеріңізді алдын ала жоспарлай аласыз.
Қарашада неше күн демаламыз
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс және 20 жұмыс күні күтеді.
Ал алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін демалыс тек жексенбі күндері болады — барлығы 5 демалыс және 25 жұмыс күні.
Қараша айында мереке күндерін ауыстыру көзделмегендіктен, жұмыс кестесі әдеттегідей сақталады: ұзақ демалыс болмайды.
Қарашадағы кәсіби мерекелер
Мемлекеттік мерекелер қарашада болмаса да, бұл ай түрлі салалардағы мамандар үшін маңызды кәсіби даталарға толы:
-
5 қараша – Сыртқы барлау қызметкерлері күні;
-
8 қараша – Статистика қызметкерлері күні;
-
10 қараша – Цифрландыру және ІТ саласы қызметкерлерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен аудит мамандарының күні;
-
15 қараша – Қаржы жүйесі қызметкерлері күні және Ұлттық валюта күні;
-
15 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғышылар күні;
-
16 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні;
-
18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.
Бұған қоса, 11 қарашада Қазақстанда Энергия үнемдеу күні аталып өтеді.
